Новости📢 Құрметті талапкерлер!Бөлінген гранттар тізімі жарияланды.📌 Қажетті құжаттарды белгіленген мерзімде тапсырып, студент қатарына қосылу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!Баршаңызға сәттілік пен жарқын студенттік өмір тілейміз! 🎓25.06.2026... 📢 ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!Қабылдау комиссиясының жұмысы басталғанын хабарлаймыз!Енді сіздер құжаттарыңызды тапсырып, өз мамандықтарыңыз бойынша оқуға түсуге өтініш бере аласыздар.📅 Қабылдау мерзімі: [25 маусым – 25 тамыз]📍 Мекенжай: Шымкент қаласы, Ғ.Иляев көшесі, 67Болашағыңызға сенімді қадам жасап, таңдаған мамандығыңызға бірге жол ашайық!Сіздерді қабылдау комиссиясында күтеміз!25.06.2026... КОЛЛЕДЖГЕ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!02.07.2025Шымкент қаласының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен (Бұйрық) бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде 2025-2026 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ!#ШымкентКолледжі#КолледжГранты2025#ТехникалықБілім#ЖаңаОқуЖылы#ШымкентБілім#КолледжгеҚабылдау2025#МамандықТаңдау... «PROF START» кәсіби бағдар беру лагері басталды!30.05.2025... «МЕН ӨЗ МАМАНДЫҒЫМНЫҢ ҮЗДІГІМІН»30.05.2025Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Инновациялық-технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығында «Туризм» мамандығының 2 курс студенттерінің арасында «Мен өз мамандығымның үздігімін» атты байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты: Туризм мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және болашақ маман ретінде өзін-өзі танытуына мүмкіндік жасау.Байқау төрт кезеңнен тұрды: таныстырылым, презентация, викторина және практикалық кезең. Студенттерді бағалау үшін «Visit Shymkent» туристік-ақпаратттық орталығынан тәжірибе жетекшілері қатысты. Байқау қорытындысы келесідей бөлінді:1 орын: Алшынбек Ажар2 орын: Мұхаммед Аяжан3 орын: Әбдіқадыр ДінмұхаммедБайқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған студенттер сертификаттармен марапатталды.#интк #біртұтас_тәрбие #шымтәрбие #жұмысшымамандықтаржылы... ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ12.04.2025Шымкент қаласында Қаржылық Мониторинг Агенттігінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен «Қаржылық қауіпсіздік: дроптар кімдер және қаржылық пирамидалармен қалай күресеміз?» тақырыбында семинарлар ұйымдастырылды. Семинардың негізгі мақсаты – жастардың қаржылық сауаттылығын арттырып, оларды алаяқтықтың түрлі түрінен сақтандыру. Қаржы әлеміндегі қауіп-қатерлерден хабардар болу – саналы шешім қабылдаудың алғышарты. Іс-шара аясында Жастар ресурстық орталығы @shymqala_zhastary мен Экономикалық тергеу департаментінің мамандары қатысушыларға қаржылық қауіпсіздік жайында дәрістер оқып, интерактивті тапсырмалар, сауалнамалар және ойын элементтері арқылы түсінікті әрі қызықты форматта ақпарат ұсынды.Белсенділік танытқан жастарға арнайы сыйлықтар табысталды. Шараға арнайы қонақтар ретінде Әділет Жауғашар, Ғалымжан Құрманбекұлы және көпшілікке кеңінен танымал Миллион командасы қатысып, жастармен ашық сұхбат жүргізді. Олар қаржы пирамидаларының айласы, дроп ұғымы және қаржылық қауіптерден қорғану жолдары туралы нақты мысалдар арқылы кеңінен тоқталды.... 2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы болып бекітілді.08.01.2025... «Ұстаздық жол – ізгілік пен адалдық» атты ұстаздар мерекесі қарсаңында кітап көрмесі ұйымдастырылды.01.11.2024... «Ұлылар ізімен» жобасы аясында қазақ халқының асыл перзенті, көрнекті ақыны, жазушы, драматург және ірі қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына -130 жыл толуына орай колледжіміздің кітапхана меңгерушісі Гүлбану Бақтиярқызының ұйымдастыруымен «Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл» атты кітап көрмесі өткізілді.01.11.2024... 21.10.2024 жылы Инновациялық-технологиялық колледжінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу» бойынша алдын алу бөлімінің маманы Жургенбаева Назира және де Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің инспекторы Палхожаева Гулмира ханымдармен кездесу өткізілді.01.11.2024...