Шымкент қаласында Қаржылық Мониторинг Агенттігінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен «Қаржылық қауіпсіздік: дроптар кімдер және қаржылық пирамидалармен қалай күресеміз?» тақырыбында семинарлар ұйымдастырылды.

Семинардың негізгі мақсаты – жастардың қаржылық сауаттылығын арттырып, оларды алаяқтықтың түрлі түрінен сақтандыру. Қаржы әлеміндегі қауіп-қатерлерден хабардар болу – саналы шешім қабылдаудың алғышарты.

Іс-шара аясында Жастар ресурстық орталығы @shymqala_zhastary мен Экономикалық тергеу департаментінің мамандары қатысушыларға қаржылық қауіпсіздік жайында дәрістер оқып, интерактивті тапсырмалар, сауалнамалар және ойын элементтері арқылы түсінікті әрі қызықты форматта ақпарат ұсынды.Белсенділік танытқан жастарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Шараға арнайы қонақтар ретінде Әділет Жауғашар, Ғалымжан Құрманбекұлы және көпшілікке кеңінен танымал Миллион командасы қатысып, жастармен ашық сұхбат жүргізді. Олар қаржы пирамидаларының айласы, дроп ұғымы және қаржылық қауіптерден қорғану жолдары туралы нақты мысалдар арқылы кеңінен тоқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *