Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Инновациялық-технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығында «Туризм» мамандығының 2 курс студенттерінің арасында «Мен өз мамандығымның үздігімін» атты байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты: Туризм мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және болашақ маман ретінде өзін-өзі танытуына мүмкіндік жасау.
Байқау төрт кезеңнен тұрды: таныстырылым, презентация, викторина және практикалық кезең. Студенттерді бағалау үшін «Visit Shymkent» туристік-ақпаратттық орталығынан тәжірибе жетекшілері қатысты. Байқау қорытындысы келесідей бөлінді:
1 орын: Алшынбек Ажар
2 орын: Мұхаммед Аяжан
3 орын: Әбдіқадыр Дінмұхаммед
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған студенттер сертификаттармен марапатталды.
#интк #біртұтас_тәрбие #шымтәрбие #жұмысшымамандықтаржылы


