•Мақсаты – жастарға экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.
•Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Аманкелді Нұрдаулет Бахытұлы және Жастар ресурстық орталығының маманы Ұлдана Асқатқызы қатысты. Кездесу барысында сала мамандары, студенттерге түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдарымен тәлім-тәрбиелік және де ата-ананы құрметеу қажеттегі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, дене тәрбиесі де басты орында екендігін жеткізді.
