26.09.2024ж Инновациялық технологиялық колледжінде, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы жоспарына сәйкес, «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айы аясында «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ –ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында колледж оқытушыларымен жиналыс өтті. Жиналыста студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары айтылды.
Атап айтқанда:
1. Педагогтердің негізгі міндеттерінің бірі – студенттерге қауіпсіз және қолдаушы орта құру, олардың дұрыс мінез-құлқын қалыптастыру.
2. Құндылықтарды оқыту және дамыту барысында, әр топ сағаттары мен пәннің мазмұнымен байланыстыра отырып, қауіпсіздік шараларын қамту қажет.
Негізгі назар аударылатын мәселелер:
-Студенттерді мұқият бақылау.
-Ата-аналармен ынтымақтастық.
-Мәселелердің алдын алу шаралары.
-Алаңдаушылық белгілерін анықтау және жауап беру.
-Бей-жай қарамау.
#біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбиеШымкент
#балаларқауіпсіздігі
